Trade-In

Қазақстандықтар әрбір екінші автокөлікті кредитке алып жатыр

Биыл қаңтар-наурыз аралығында Қазақстанда 213 мың автонесие рәсімделіп, жалпы сомасы 483 млрд теңгені құрады. Бұл туралы Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы мәлімдеді.

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда: саны жағынан — 36%, қаржы көлемі бойынша 22% көп. Яғни, Қазақстан халқы әрбір екінші көлікті несиеге алып жатыр деген сөз.

Нәтижесінде автонесиенің бөлшек несиедегі үлесі 12,7%-ға дейін артты.

Сарапшылар мұндай өсімді автосалондардағы арнайы жеңілдік беретін бағдарламалармен және несиені онлайн рәсімдеу мүмкіндігінің жеңілдеуімен байланыстырады.

Несие алушылардың басым бөлігі 3–10 млн теңге аралығындағы көлікті таңдаған. Былтыр бұл көрсеткіш 66,4% болса, биыл 75,2%-ға дейін жеткен. Бұл халықтың негізінен қолжетімді көліктерге бетбұра бастағанын білдіреді.

Басқа материалдар

Back to top button