Kaspi.kz жүрілген көлікті кредитке алу жолын оңайлатты

Kaspi.kz арқылы жүрілген көлікті кредитке алу бұрынғыдан да оңай бола түсті.
Енді көлікті тексеру үшін тура Kaspi.kz қосымшасында сертификатталған ТЖО-ға (техникалық жөндеу орталықтары) жазылуға болады, сондай-ақ қажет болған жағдайда күнін немесе уақытын өзгертуге болады.
Автокредитті ары қарай тура Kaspi.kz қосымшасында: алғашқы жарнаны салу, сатып алушы мен сатушының электрондық қолтаңба арқылы құжаттарға қол қоюы, автомобильді қайта ресімдеу арқылы онлайн ресімдеуге болады. Ешқандай қағазбен жұмыс істеудің қажеті болмайды.
Сондай-ақ жұбайының келісімін ресімдеу үшін нотариусқа кезекте тұрудың қажеті жоқ.
Еске салайық, Қазақстанда жаңа және қолданыстағы автокөліктерді онлайн сатып алу мен сату үшін бірнеше танымал маркетплейс бар. Олардың ішінде Mycar.kz, Kolesa.kz және Aster.kz кеңінен қолданылады.
Mycar.kz – Қазақстандағы алғашқы жаңа автокөліктерді онлайн сатып алу маркетплейсі. Бұл платформа арқылы Hyundai, Subaru, Chery, Changan, Haval және Tank сияқты брендтердің автокөлігін таңдауға, онлайн төлем жасауға және құжаттарды рәсімдеуге болады. Сондай-ақ, Mycar.kz қосымшасы арқылы автокредит алуға өтінім беріп, бірнеше банктің ұсыныстарын салыстыру мүмкіндігі бар.
Kolesa.kz – Қазақстандағы ең ірі автокөлік сату платформасы. Мұнда жаңа және қолданыстағы автокөліктерге таңдау көп, сондай-ақ қосалқы бөлшектер мен арнайы техника туралы хабарландыру бар. Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін мобильді қосымша да ұсынылған.
Aster.kz – автокөліктерді сату және сатып алу бойынша тағы бір танымал платформа. Мұнда жаңа және қолданыстағы автокөліктер туралы хабарландыру, автокредит, trade-in, бөліп төлеу және онлайн бағалау қызметтері қолжетімді.