Автонарық

Еуропа бензинмен жүретін көліктерден бас тартпақ

Халықаралық Bild басылымының хабарлауынша, Еурокомиссия 2030 жылдан бастап ЕуроОдақ елдеріндегі автокөлік жалдау компанияларына іштен жанатын қозғалтқышы бар автокөліктерді сатып алуға тыйым салатын жаңа ереже әзірлеп жатыр.

ЕК әзірлеп жатқан құжат 2025 жылдың күзіне дейін көпшілікке ұсынылмақ. Сосын Еуропарламент талқысына жолданады. Егер құжат қабылданса, бұл өзгерістер халықаралық жалдау желілерінен бастап шағын жергілікті компанияларға дейін – барлық автокөлік жалдау операторларына әсер етеді.

ЕК бензинмен жүретіні көліктерден бас тарту жөніндегі бастамасын бұған дейін де ұсынған. Қазір электромобильге жаппай болмаса да, сатылап көшу үрдісі байқалып отыр. Еуропалық автомобиль өндірушілер қауымдастығының (ACEA) дерегінше, 2024 жылы ЕО-да жаңа тіркелген автокөліктердің 14%-дан астамы электромобильдер. Оған қоса, тұтынушылар қала ішіндегі жүріп-тұру үшін электромобильді жиі таңдай бастаған.

Алайда, ЕО елдерінің бәрінде инфрақұрылым тұрғысында дайындық бірдей емес. Германия немесе Нидерланд сияқты елдерде зарядтау станциялары жеткілікті болса, Шығыс Еуропа елдері электромобильге көшуге толық дайын емес. Ең жиі қойылатын сұрақтар: Көлікті қайда зарядтаймын? Ұзақ жолға батарея жетеді ме? Зарядтау қанша уақыт алады?

Басқа материалдар

Back to top button