Автонарық

Қаңтардан бастап ескі көлікке салынатын салық азаяды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев салық кодексіне қол қойды, Ақорда таратқан ақпаратқа сүйенсек, 2026 жылдың қаңтарынан бастап шыққанына 10 жылдан асқан көлік үшін салық азаяды.

Келер жылы жеке тұлғаның қымбат тауарына 10% акциз салынады. Оған мыналар жатады: құны 75 млн теңгеден асатын көлік, 100 млн теңгеден қымбат кеме, литрі  500 мың теңгеден асатын алкоголь және данасы 10 мың теңгеден асатын сигара. Сондай-ақ жылжымайтын мүліктердің жалпы құны 450 млн теңгеден асып кетсе, мүлік салығы да артады.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстан бойынша маусым айында 159,2 мың автокөлік есепке қойылды.

  • жеңіл автомобиль – 143 мың,
  • жүк көлігі – 9,8 мың,
  • автобустар – 1,3 мың,
  • мототранспорт – 5,1 мың.

1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 6 млн 460 мыңға жеткен, оның ішінде 86,6% – жеңіл автомобильдер, 9,6% – жүк көліктері, 1,8% – автобустар, 2% – мотокөліктер.

Автокөліктердің 67%-і, яғни 4,3 млн-нан астамы 10 жыл бұрын шыққан. 1,6 млн көліктің жүргеніне 3-10 жыл болған. Ал үш жылға толмаған, яғни жаңа көлік саны 453,1 мың.

Басқа материалдар

Back to top button