Автонарық

Қазақстан автоөнеркәсібі: Chevrolet Cobalt көш бастап тұр

ҚР Ұлттық статистика бюросының берген мәліметі бойынша 2025 жылы қазақстандық кәсіпорындары құны 189,2 млрд теңгеге 13 741 дана түрлі дөңгелек техникасын шығарды, былтырғы көрсеткіш 6 622 дана мен 94 млрд теңге (+107,5%).

2025 жылдың алғашқы жартысында жалпы құны 996,9 млрд теңге болатын 71 494 дана техника өндірілді. 2024 жылдың алғашқы жарты жылдығымен салыстырғанда өндіріс көлемі 12,7% өсті, республиканың машина құрастырудағы үлесі — 40,9%.

Оның ішінде 64 795 жеңіл автомобиль (+13,6%), 3 467 жүк көлігі (-3,4%), 1 149 автобус (+5,4%), 1 697 арнайы техника және 386 тіркеме мен жартылай тіркеме бар.

Отандық автокөлік өндірісі бүгінде еліміздің машинажасау секторында берік орын алып, оның жалпы көлемінің 40,9%-ын құрап отыр. Бұл – өнеркәсіптің ең қарқынды дамып келе жатқан бағыттарының бірі. Кәсіпорындар өндірістік қуатын арттырып, модельдер қатарын кеңейтіп, жергілікті құрау үлесін ұлғайтуда. Соның нәтижесінде бүкіл елдің өндірістік әлеуеті өсіп, жаңа, жоғары өнімді жұмыс орындары құрылып, технологиялық құзыреттер қалыптасуда. Бүгінде автоөнеркәсіп – Қазақстанның индустриялық дамуының стратегиялық драйвері, дейді ҚАО президенті Анар МАҚАШЕВА.

«Қазақстанның автокөлік одағы» (ҚАО) мәліметінше, 2025 жылдың алғашқы алты айында Қостанайдағы Allur 39 049 техника құрастырды (+0,9%). Алматыда (Hyundai Trans Kazakhstan, Hyundai Trans Almaty) 27 109 жеңіл және коммерциялық автомобиль конвейерге тұрды (+40,2%). Семейдегі кәсіпорындар (СемАЗ, Daewoo Bus Kazakhstan) 1 975 коммерциялық техника шығарды (-21,9%). Қарағанды облысындағы QazTehna 830 техника шығарды (+28,9%). Көкшетаудағы мамандар (КАМАЗ-Инжиниринг) 667 коммерциялық техника өндірді (+51,6%). Басқаларының нәтижесі – 1 864.

Қаңтар мен маусым аралығында көптеп шыққан бес бренд тізіміне (экспортты қосқанда) Hyundai (26 783), Chevrolet (14 700), Kia (12 454), Jetour (5 793) және Jac (4 811) кірді.

Ең көп шығарылған модельдер: Chevrolet Cobalt (11 886), Hyundai Tucson (10 285), Kia Sportage (5 976), Hyundai Elantra (4 163) және Hyundai Mufasa (3 574).

Еске салайық, Қазақстан нарығында Chevrolet маркалы жаңа автокөліктердің бағасы 1 млн теңгеге дейін арзандады. Бұл ақпаратты Chevrolet брендінің Қазақстандағы ресми дистрибьюторының баспасөз қызметі растады.

Басқа материалдар

Back to top button