Қазақстанда Cobalt арзандады, ал Өзбекстанда бұл марка өндірісі күрт өсті

Өзбекстанда Cobalt, Damas, Tracker, Haval, BYD көліктері көптеп шығарыла бастады. Бес ай ішінде 153,8 мың жеңіл көлік нарыққа жол тартқан.
2025 жылғы қаңтар-мамыр аралығында Өзбекстанда 58,9 мың Cobalt көлігі өндірілді. Өзбекстанның Ұлттық статистика агенттігінің мәліметінше, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,4% көп.
Маусым айының басында автомобиль зауыттары 38,7 мың Damas көлігін шығарды. Жылдық өсім 24,1%.
Onix үлгісінің өндірісі 8,8% өсіп, 16,2 мың данаға жетті. KIA маркасының өндірісі де артып, 10 мың данаға жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 35,6% артық.
Өзбекстанда Cobalt, Damas, Tracker, Haval, BYD көліктері құрастырылады.
2025 жылдың алғашқы бес айында зауыт конвейерінен:
- 18 мың Tracker
- 2,9 мың Haval
- 5,4 мың BYD көлігі шықты
Жалпы алғанда, маусым айының басына дейін Өзбекстанда 153,8 мың жеңіл көлік өндірілген.
Еске салайық, Қазақстан нарығында Chevrolet маркалы жаңа автокөліктердің бағасы 1 млн теңгеге дейін арзандады. Бұл ақпаратты Chevrolet брендінің Қазақстандағы ресми дистрибьюторының баспасөз қызметі растады.
Мәселен, Cobalt седанының Optimum нұсқасының басғасы бұрын 8,19 млн теңге болса, қазір 7,29 млн теңгеге сатылып жатыр. Ал Onix бағасы 1 миллион теңгеге арзандап, ашық сатылымда бағасы 6,99 млн теңгеге дейін күрт төмендеді. Сондай-ақ Tracker кроссоверінің бастапқы бағасы енді 9,99 млн теңгеден басталады.