Автонарық

Қазақстанда Chevrolet көліктерінің бағасы күрт арзандады. Неге?

Қазақстан нарығында Chevrolet маркалы жаңа автокөліктердің бағасы 1 млн теңгеге дейін арзандады. Бұл ақпаратты Chevrolet брендінің Қазақстандағы ресми дистрибьюторының баспасөз қызметі растады.

Мәселен, Cobalt седанының Optimum нұсқасының басғасы бұрын 8,19 млн теңге болса, қазір 7,29 млн теңгеге сатылып жатыр. Ал Onix бағасы 1 миллион теңгеге арзандап, ашық сатылымда бағасы 6,99 млн теңгеге дейін күрт төмендеді. Сондай-ақ Tracker кроссоверінің бастапқы бағасы енді 9,99 млн теңгеден басталады.

Компания өкілдері бұл шешім отандық тұтынушылар үшін көлік бағасын бұрынғыдан да қолжетімді ету үшін қабылданғанын хабарлады.

Бағаны қайта қарау аясында және нарықтағы қазіргі жағдайды ескеріп, Chevrolet бренді Қазақстанда кейбір модельдердің құнын төмендетті. Бұл шешім көліктерді клиенттеріміз үшін бұрынғыдан да қолжетімді етуге бағытталған, – делінген компанияның ресми жауабында.

Еске салайық, 2025 жылдың қаңтар-мамыр айларында Қазақстандағы ең көп сатылған бренд – Hyundai (20 102 көлік; +36,5%). Екінші орында – Chevrolet (11 078 дана; +79,9%), ал үшінші орында – KIA (9 116 дана; +6,7%).

Басқа материалдар

Back to top button