Автосервис
Көліктің қозғалтқыш нөмірі электронды паспортта жазылады – министрлік

Электронды паспорт рәсімдеудің жаңа ережесін Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі дайындады. Құжат жобасына сәйкес:
- Қазақстандағы өндірушілер (өздері шығаратын көлік құралына);
- шетелдік өндірушілердің ресми өкілдері (өздері әкелетін, аталған шетелдік өндіруші шығарған көлікке);
- аккредитациядан өткен сынақ зертханалары (жеке тұлға, жеке дилер және т.б. ЕЭО елдерінен немесе алыс шетелден Қазақстанда тіркеу үшін әкелетін өзге көлік құралына);
- электронды паспорт жүйесінің ұлттық операторы (бұған дейін Қазақстанда электронды паспортсыз тіркелген көлік құралына) паспорт рәсімдей алады.
Қазір бұл іспен тек өндірушілер, импорттаушылар және зертханалар айналысады.
Электронды құжатта қозғалтқыш нөмірі де жазылады. Агрегат ауысқан жағдайда көлік иесіне электронды паспорттағы деректерді өзгертуге тура келеді.