Автонарық

Astana Motors фестивальде Тоқаевқа қандай автокөлікті таныстырды?

12 ақпанда Астанадағы EXPO көрме алаңында «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі өтті. Фестивальге 40 интерактивті көрме аймағы кірді, олардың арасында президент Қасым-Жомарт Тоқаев кіріп шыққан «Астана Моторс» стенді ұсынылды.

Президент көрмеге қойылған экспонаттармен танысып, виртуалды зертханаға барды, онда виртуалды шындық көзілдірігінің көмегімен автомаляр рөлінде өзін сынап көруге және көлікті бояуға болды.

«Бұл жоба ел президентінің тікелей тапсырмасы бойынша өндіріс пен жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты дамыту шеңберінде іске асырылды. Біз отандық Astana Motors автокөлік өндірушісіне тиесілі Hyundai Trans Kazakhstan зауытының бояу камерасын толық цифрландырдық. Виртуалды зертхананы жасаушы университет үшін бұл өндіріске бағытталған кадрларды дайындауға мүмкіндік береді. Ал кәсіпорындар үшін жаңа кадрларды шығынсыз оқытуға мүмкіндік береді», – деп Satbayev University профессоры Нұрбол Қамзанов атап өтті.

«Астана Моторс» фестивальге Satbayev University-мен бірлесіп қатысты. Былтырдан бастап олар машина жасау үшін кәсіби кадрларды даярлау, өндірістік үдерістер мен білім беру бағдарламаларын әзірлеу, тәлімгерлік және қос тарапты оқыту жүйесін енгізу, MBA және DBA деңгейіндегі техникалық және басқару кадрларын дайындау бойынша жұмыс істейді.

фото: akorda.kz

Фестивальде Hyundai Trans Kazakhstan зауытында шығарылатын танымал Tucson кроссовері де ұсынылды. Tucson – екінші жыл қатарынан Қазақстанның автокөлік нарығында Hyundai брендінің сатылымдағы көшбасшысы. 2024 жылы бұл модельдің 22 389 автокөлігі сатылды.

Биыл «Астана Моторс» мультибрендтік зауытының ашылуымен 3600 жаңа қызметкерді жұмысқа алуға ниетті. Барлығы 4 кәсіпорында 6 100 адам жұмыс істемек.

Басқа материалдар

Back to top button