Автонарық

Қазақстанда 5,7 млн авто тіркелген: ескі көліктер әлі де көп

Ұлттық статистика бюросының мәлімдеуінше, 2025 жылы (қаңтардағы жағдай) Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 5 млн 700 мың болды. Тіркелген автокөлік құралдарының арасында 88,1% – жеңіл автомобильдер, 9,9% – жүк автомобильдері және 2% – автобустар.

Бюро мәліметінше, 2024 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында Қазақстанда барлығы 1 млн 836 мың автокөлік тіркелген. Олардың басым бөлігі желтоқсан айында есепке қойылған екен.

Сонымен қатар елімізде әлі де ескі көліктер саны басым. Ресми мәлімет бойынша 20 жылдан аса жүрілген көліктер саны – 2 млн 518 мың автокөлік болып отыр. Ал шыққанына 10-20 жыл болған көліктер – 1 млн 361 мың автокөлік екені белгілі болды.

Өңірлер бойынша Алматы қаласы (667 мың көлік) мен Алматы облысында (610 мың көлік) тіркелген. Қазақстан бойынша дипломатиялық нөмірмен жүрген 51 мың көлік болса, өңірі көрсетілмеген 314 мың авто бар екен.

Басқа материалдар

Back to top button