Ресейліктер Changan көлігінен неге жерінді?

Changan Uni-S, Uni-K және Uni-T модельдері Ресей нарығынан шығып қалуы мүмкін. Бәріне себеп – орындығының (кресло) дұрыс құрастырылмауы. Тіпті, соның кесірінен кішігірім жол апатына ұшыраған жағдайда көліктегі адамның омыртқасы сынып кетуі мүмкін.
Еске салайық, бұл автокөліктер Ресейдегі ең көп сатылған топ-5 тізімге кіреді. 2024 жылы бұл автокөліктердің сатылымы 109% және 129% өскен.
Ресей ұлттық автомобилестер одағының президенті Антон Шапариннің айтуынша, РФ нарығына шығарылатын кез келген көліктің ең алдымен соққыға төзімділігі мен қауіпсіздігі тексеріледі. Алайда, ҰАО осы шағым бойынша Росстандарт басшысына хат жолдаған. Егер шағымданушылардың айтқаны расталса, Changan Uni-S Ресей нарығынан алынып тасталуы бек мүмкін.
Оқи отырыңыз: Китайские машины ломают россиянам позвоночники
Changan Motors өкілдері көліктегі ақауға қатысты шағымға таңырқай қарап, бұл мәселе жан-жақты тексерілетінін айтты.
«Зақымдалған Changan CS55 Plus / Uni-S сериялы көліктің видеосын жіті қарап шықтық. Видеодағы көліктің тіркеу нөмірі, VIN нөмірі көрсетілмеген. Оқиғаның қашан болғаны жайлы да нақты дерек жоқ. Ақпарат егжей-тегжейлі берілмеген», — дейді Changan Motors Rus сатылымнан кейінгі қызмет көрсету департаментінің басшысы Алексей Андриевский.
2024 жылы Қазақстандағы ең танымал көліктер арасында да Changan (8 510 бірлік; +39,8%) бар. Алайда былтыр көптеп шыққан бес бренд тізімінде (экспортты қоса алғанда) Changan жоқ. ТОП-5 тізімде: Hyundai (45 364), Chevrolet (39 349), Kia (24 111), Jac (13 682) және Jetour (11 305)