Жүргізуші куәлігін алу үшін емтиханға жазылу: жаңа өзгеріс бар

Жүргізуші куәлігін алу үшін емтиханға жазылу енді тек ХҚКО (Халыққа қызмет көрсету орталығы) мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асырылады.
Теориялық немесе практикалық емтиханға тіркелу үшін екі факторлы аутентификациядан өту қажет: алдымен биометриялық идентификациядан 1414 нөмірінен келетін SMS-код арқылы жеке басыңызды растау керек.
Осыдан кейін үміткер «Теория емтиханына жазылу» немесе «Практика емтиханына жазылу» бөліміне өтеді. SMS-код Мобильді азаматтар базасында тіркелген белсенді телефон нөміріне жіберіледі.
Қызметті пайдалану үшін алдын ала арнайы Халыққа қызмет көрсету орталығына барып, өтінім беру қажет.
Бұрын емтиханға жазылу booking.gov4c.kz сайты арқылы жүзеге асырылған, бірақ енді бұл функция мобильді қосымшаға ауыстырылды. Дегенмен аталмыш сайт өз жұмысын жалғастыра береді.
Емтиханға жазылудан бөлек, қосымша арқылы ХҚКО-ға баруды брондауға, электронды кезек талондарын алуға мүмкіндік бар.