Жаңа авто

Honda жаңа электромобильдерін таныстырды

Лас-Вегас қаласында өткен CES 2025 көрмесінде Honda 0 сериясымен шығатын седан мен жол талғамайтын электромобильдің прототипі таныстырылды.

Honda 0 жол талғамайтын көлігінің прототипі Space-Hub концептуалдық стилінде жасалған және салонының кеңдігі мен ыңғайлы болуына назар аударылған. Бұл модельдің сериялық өндірісі 2026 жылы Огайо штатында басталып, кейін Еуропа мен Жапония нарығына шығарылмақ.

image: hondanews.com

Ал, Honda 0 седаны дизайнында спорт элементтері басым. Сыртқы пішімі шағын болып көрінгенімен, ішін кең еткен. ASIMO OS жүйесімен жабдықталған бұл модель «Жұмсақ, жеңіл және ақылды» философиясына негізделген. Седан алғаш рет Солтүстік Америкада таныстырылып, кейіннен басқа елдердің нарығына шығарылады.

image: hondanews.com

ASIMO OS жүйесі  – Honda 0 жаңа сериясының жүрегі. Ол автокөліктің барлық жүйесін қамтиды: автоматтандырылған жүргізу, ақпараттық-ойын-сауық функциялары және динамиканы басқару.

Басқа материалдар

Back to top button