Автонарық

Tesla Қытайда сатылым бойынша рекорд орнатты

Былтыр (2024 жылы) Tesla электромобилінің Қытайдағы сатылым көрсеткіші 8,8% артып, 657 мың көлік (рекорд) сатылды, деп хабарлайды Reuters.

2024 жылдың қараша айындағы сатылым қазан айымен салыстырғанда 12,8% артқан. Ал, желтоқсан айының қорытындысы бойынша Қытайда 83 мың электромобиль сатылған.

Қытай – Tesla үшін екінші маңызды нарық. Компанияның жалпы сатылымының 36,7%-ы Қытайға тиесілі. Tesla Қытайдағы өсім қарқынын сақтау үшін түрлі жеңілдіктер мен бөліп төлеу бағдарламаларын белсенді қолданып келеді.

Алайда, Қытайдағы жетістіктерге қарамастан, 2024 жылы Tesla әлемдік сатылымы 1,1% төмендеді. Оған Еуропадағы жеңілдіктер мен субсидиялардың қысқаруы, сондай-ақ АҚШ-тағы және әлемдік нарықтағы басқа электромобиль өндірушілерімен, соның ішінде қытайлық BYD компаниясымен бәсекелестік әсер етті.

2023 жылы Tesla 1,8 миллион көлік сатқан, ал былтыр 1 789 226 көлік сатылған. Tesla сатылымының басым бөлігі Model Y және Model 3 моделдеріне бұйырды — екеуінің сатылымы 1,7 миллионнан асты. Tesla Cybertruck, Model X и Model S жалпы сатылымның 5 пайызын құраған.

Басқа материалдар

Back to top button