Автонарық

Біз мініп жүрген қытай көліктері Қытайдың өзінде сенімді ме?

Америкалық J.D. Power агенттігінің филиалы Қытайда сауалнама жүргізіп, бұл елде құрастырылатын ең сенімді көліктердің тізімін жасады. Сауалнама аясында соңғы 1-2 жыл аралығында Қытайдағы авто иелерінен көлігінде қандай ақау бары сұралған. Оның ішінде көліктің сыртқы/ішкі дизайны, жүргізу тәжірибесі, дисплей, мультимедиа жүйесі, климат-бақылау, орындық, қозғалтқыш, жүргізуге көмектесетін функциялар т.б. сұрақтар қамтылған.

Премиум брендтер: ТОП-3 тізімге Porsche, Land Rover және BMW енді. Бәрі – Қытайда құрастырылған, бірақ басқа мемлекеттерге тиесілі маркалар.

Бұқаралық брендтер: Toyota, Honda, Ford, Buick көш бастап тұр. Бұл тізімге Қытайдың төл брендтері үздік бестікке енбей қалған.

Қытай брендтері арасындағы ең сенімді автокөліктер: Hongqi, Chery, Geely, GAC, Tank және Lynk & Co.

2024 жылғы ең сенімді модельдер: Toyota Vios, Hyundai Verna, Chery Arrizo 5, Ford Focus, Volkswagen Lamando, Geely Preface (седан), GAC GS3, Geely Vision X6, Geely Emgrand S (шағын кроссоверлер), Hyundai Mufasa, GAC GS4, Forthing T5 (орташа көлемдегі эконом-кроссоверлер), Kia Sportage, Toyota Izoa, Haval Dargo (жоғары баға сегменті).

Басқа материалдар

Back to top button