Автонарық

Неміс машинасы: Audi мен Бавария

Германияда футбол мен автокөлік егіз ұғымға айналған. Көлік индустриясы керемет дамыған елде әрбір алпауыт автоконцерн бір-бір ірі футбол клубының демеушісі. Яғни, клуб футболшылары мен бапкерлік штаб мүшелері қызметтік мақсатта демеуші ұсынған көлікті пайдаланады.

Алпауыт автокомпания мықты клубты іздейді. Мәселен, 2002 жылдан бері мюнхендік «Бавария» клубы мен Audi көлігі біте қайнасып кетті.

2022 жылдың шілде айында атақты «Реал Мадрид» клубының басшылығы 19 жыл демеуші болған немістің Audi автоконцернімен келісімді созбай, жаңа көлікке мінді. Яғни, корольдік клуб бір немістен секіріп екінші неміс көлігіне (BMW) отырды.

Осылайша, Audi автоконцерні неміс гиганты «Бавария» клубынан айырылып қалмаудың жолына көшті.

2024/25 маусымда Audi «Бавария» футболшыларына бірнеше үлгідегі моделін ұсынды.

Томас Мюллер/fcbayern.com

Леон Горецка, Томас Мюллер, Альфонсо Дэвис және Рафаэл Геррейру сияқты футболшылар құны 145 000 еуро тұратын Audi  RS e-tron GT моделін таңдады.

Джамал Мусиала/fcbayern.com

Харри Кейн, Йозуа Киммих, Венсан Компани және Мануэль Нойер сияқты футболшылар құны 98 000 еуро тұратын Audi SQ8 e-tron 2 моделін таңдады.

Audi 2002 жылдан бастап «Бавария» клубының ресми демеушісіне айналды. Басында компания мен клуб арасындағы келісімшарт 2008 жылға дейін жасалған еді. Оған дейін «Бавария» клубын 13 жыл бойы қызметтік көлікпен қамтамасыз еткен Opel автокомпаниясы болатын.

Басқа материалдар

Back to top button