Жапон автоөндірісінің флагманына айналған Subaru Forester кроссоверіне шолу жасадық. «Орманшының» V буыны несімен қуантады, несімен ерекше? JETEK шолуында осыған тоқталдық.
Жапон кроссовері Қазақстанда көп сатылатыны белгілі. Тұрғындар бұл көлікті бағасына қарап емес, сапасына қарап алады. «Қауіпсіз көлік» деген репутациясы және бар.
Қауіпсіздік туралы айтсақ, қозғалыс кезіндегі көмекші жүйесі (X-Mode) жандандырылған.
X-Mode жолсыз жермен қозғалу кезіндегі көмекші жүйесі. Қозғалтқыштың, Lineartronic сатысыз трансмиссиясының, толық жетек және динамикалық тұрақтандыру (VDC) жүйелерінің жұмыс параметрлерін реттей отырып, X-Mode көлік жүргізу тәжірибесінің деңгейіне қарамастан жүргізушілерге Subaru автокөлігінің керемет жолсыз жерде жүру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Толық шолуды видеодан көре аласыз. JETEK – көлікке әуес оқырман үшін пайдалы контент. Қазақстан нарығындағы су жаңа һәм қолданыстағы көліктердің артықшылығы мен кемшілігін таразыға салады.