Отандық автокөліктер Моңғолия нарығына баж салығынсыз жеткізіледі
Сенат Еуразиялық экономикалық одақ пен Моңғолия арасындағы Уақытша сауда келісімін ратификациялады. Келісім екі ел арасындағы саудадағы техникалық кедергілерді жоюға және жеңілдетуге негізделген.
Негізгі шарттары:
Құжат үш жыл мерзімге жасалған, әрі оны ұзарту мүмкіндігі қарастырылған.
Көліміне қарай импорттық баждар төмендетіледі немесе толық жойылады. Оларға: дәнді дақылдар, құс еті, сүт өнімдері, майлар, кондитерлік өнімдер, металлургиялық және химиялық өнімдер, көлік құралдары және т.б. кіреді.
Келісімге сәйкес, Моңғолия ЕАЭО елдерінен, оның ішінде Қазақстаннан келетін жеңіл автокөліктерді, электр көліктерін, самосвалдар, жүк көліктерін, өрт сөндіру машиналарын, тіркемелер мен жартылай тіркемелерді, автоцистерналарды, сондай-ақ кейбір агрегаттар мен қосалқы бөлшектерді толық бажсыз әкелуге міндетті.



