Қытай автокөлігін экспорттайтын ТОП-10 ел қатарында Қазақстан бар
Қытай жолаушылар автокөліктері қауымдастығы (CPCA) 2025 жылғы автокөлік экспорты бойынша қорытынды статистиканы жариялады. Ресми деректерге сәйкес, соңғы бір жылда Қытайдан шетел нарығына 8,32 млн автокөлік экспортталған. Оның ішінде 3,43 млн бірлігі электр және гибридті модельдерге тиесілі.
CarNewsChina басылымының бағалауынша, 2025 жылғы жалпы экспорт көлемі 2024 жылмен салыстырғанда 30% артқан. Ал жаңа энергия көздерімен (NEV) жұмыс істейтін автокөліктердің экспорты бір жыл ішінде 70% өсім көрсеткен.
Экспорт бағыттары бойынша Мексика Қытай автокөліктерінің ең ірі нарығы болып отыр — елге 625 187 көлік жеткізілген. Одан кейін Ресей (582 738) мен БАӘ (571 937) орналасқан.
Қытайдан автокөлік импорттайтын алғашқы он елдің қатарына Қазақстан да енді. CPCA мәліметінше, соңғы 12 айда елімізге 211 545 автокөлік жеткізілген. Бұл сан Қазақстанның ресми автонарығындағы сатылым көлемінен (234 852) төмен болғанымен, көрсеткішке дилерлік желілерге, өндіріс орындарына жеткізулер және жеке импорт та кіретінін көрсетеді.
Электр және гибридті көліктерге сұраныс артып келеді.
Электр және гибридті автокөліктер импорты бойынша жеке рейтинг те ұсынылды. Бұл сегментте Бельгия көш бастап тұр – бір жыл ішінде елге 284 921 көлік экспортталған. Ұлыбритания (231 181) екінші орынға жайғасса, Мексика 221 027 электр және гибридті автокөлікпен үздік үштікті түйіндеді.
Сарапшылардың пікірінше, Қытай автонарығының экспорттық әлеуеті, әсіресе электрлі көліктер сегментінде, алдағы жылдары да жоғары қарқынмен дами береді.



