Автонарық

Қазақстанда тамыздан бастап автогаз қымбаттады

Биыл 1 тамыздан бастап Қазақстанда сұйытылған мұнай газының (автогаз) бөлшек саудадағы төменгі бағасы қымбаттады. Бұл туралы Энергетика министрлігінің бұйрығында айтылды. Құжат Үкіметтің заңнама банкінде жарияланды.

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов қол қойған құжатқа сәйкес, автогаз бағасы Астана мен Алматы қалалары үшін 9,8% қымбаттап, бір литрі 102 теңгеден 112 теңгеге дейін көтерілді. Шымкент қаласы үшін 13,3% артып, 102 теңге болды. Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстанда автогаздың литрі 85 теңге тұрады. Ең арзан баға Маңғыстау облысында – 72 теңге.

Сонымен бірге Энергетика министрлігі сұйытылған мұнай газының көтерме бағасын да жыл аяғына дейін 15% көтерді. Енді ол 59 722 теңге тұрады.

Автогаз – сұйытылған мұнай газы, оны автокөліктер отын ретінде пайдаланады. Ол протан мен бутан газдарының қосындысы. Газ қысым арқылы сұйық түрінде сақталады. Автогаз бензин немесе дизель секілді отын түрлерінен арзан.

Басқа материалдар

Back to top button