Автонарық
Cadillac Escalade ең көп сатылатын ТОП-10 ел қатарында Қазақстан да бар

Былтыр әлемде жол талғамайтын Cadillac Escalade көлігінің сатылымы 50 мыңнан асты. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 1% аз.
Әрине, Cadillac Escalade көлігі ең көп сатылған елдердің көшін АҚШ бастап тұр. Аталмыш модельдің жалпы сатылымының 82%-ы АҚШ-та. Ең қызығы, премиум санаттағы көліктің саудасы бойынша Қазақстан ТОП-10 тізімге енеді екен.
2023 жылы Қазақстанда 550 Cadillac Escalade көлігі сатылған, былтыр – 233. Қазір Қазақстан нарығында Cadillac Escalade көлігінің бағасы шамамен 70 млн теңгеден басталады.
2024 жылы Cadillac Escalade көлігі ең көп сатылған ТОП-10 ел:
- АҚШ – 41 мың
- Канада – 2 747
- Ресей – 1 481
- Ирак – 833
- 5. БАӘ – 789
- Мексика – 788
- Сауд Арабиясы – 567
- Оңтүстік Корея – 353
- Қазақстан – 233
- Қытай – 206