Автонарық

Перизат Қайраттан тәркіленген көліктерге авто-тур

Жуырда қайырылымдылық ақшасын жымқырды деп айыпталған Перизат Қайрат 10 жылға бас бостандығынан айырылып, ұрланған қаражатқа сатып алынған бірнеше мүлкі тәркіленді. Олардың қатарында люкс модельдегі бірнеше авто бар: Mercedes-Benz S450, Lexus LX 600, Mercedes-Benz EQE, Haval H6 GT.

Тізім басында – құны 88 млн теңге тұратын Mercedes-Benz S450 (2024). Қозғалтқыш көлемі 3 литрлік, 362 аттың күші бар қымбат көлік. Бұл модель Mercedes компаниясы топтамасындағы ең үлкен седан. Салонның әрленуі, қауіпсіздік жүйесі тұрғысынан премиум мүмкіндіктер бар.

Екіншісі – құны 80 млн теңге тұратын Lexus LX-600 (2024). Автокөлік 3,4 литрлік V-6 қозғалтқышпен жабдықталған, 409 аттың күші бар толық жетек. 6,1 секунд ішінде 100 км/сағ қашықтықтықты бағындырады.

Перизат Қайрат алған тағы бір қымбат модель – Mercedes-Benz EQE 500 4Matic (2023). Нарықта бағасы кемі 30 млн теңге тұрады. Қаржы мониторинг агенттігі де Перизаттың бұл көлікті 30 млн теңгеге сатып алғанын растады.

Одан бөлек, 2024 жылы Астанадағы автосалондардың бірінен 39 млн теңгеге су жаңа Haval H6 GT сатып алған. Негізі, Қазақстан нарығындағы Haval көлігінің ішіндегі ең қымбатының өзі 22,6 млн теңге тұрады. Перизат Қайраттың бұл көлікті не үшін тым қымбат сатып алғаны белгісіз.

Басқа материалдар

Back to top button