Автонарық

Қазақстанда автокөлік тарихын 2 минутта анықтап беретін жаңа қызмет қосылды

Қазақстанда автокөліктің өткен тарихын жылдам тексеруге арналған Autocheck цифрлы қызметі іске қосылды. Платформа ресми дереккөздерге сүйене отырып, 20 параметр бойынша мәліметтерді сараптайды. Бұл туралы Қазақстан автомобиль одағының (ҚАО) президенті Анар Мақашева жүрілген көліктер нарығындағы салалық конференцияда мәлімдеді.

ҚАО конференцияда кез келген автокөліктің өткен тарихын білуге арналған онлайн-қызметті таныстырды. Жаңа платформа 20 параметр негізінде мәлімет береді. Олардың арасында жол апаты, автокөлік жүрісі, қожайындар саны, қанша рет жөнделгені және сақтандыруға қатысты дерек ұсынады.

Қолданушыға есеп алу үшін VIN-номерін, болмаса мемлекеттік нөмірі мен техпаспортын енгізу керек. Мәліметтердің бәрі ресми және коммерциялық базалардан түседі. Олардың ішінде сақтандыру компаниялары мен жөндеу қызметтері де бар. Осының бәрі негізінде автокөлік тарихы шығады.

ҚАО өкілдерінің айтуынша, осы уақытқа дейін нарықта автокөліктің нақты қанша жүргенін немесе соғылғанын анықтайтын бірыңғай қызмет болмаған. Статистикаға жүгінсек, Қазақстан нарығындағы автомобильдердің шамамен 90%-ы ұрылған, соғылған, апатқа ұшыраған.

Жаңа қызмет іске қосылған соң, автокөліктің жүрген жолын кемітіп көрсету деңгейі 35%-дан 24%-ға дейін төмендеген. Мұндай қызмет ешкімді алдамайтын сатушыларға да тиімді, олар қалауынша әділетті бағасын қоя алады.

Басқа материалдар

Back to top button