Автонарық

Жаңа салық: мотор көлемі 3-4 литрлік авто иелері қуанса болады

Мемлекет басшысы жаңа Салық кодексіне қол қойды, ол 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Құжатқа сәйкес, 11-20 жыл бұрын шыққан көліктерге 30% жеңілдік беріледі, ал 21 жылдан асқан көліктерге қарастырылатын жеңілдік 50%.

Жаңадан редакцияланған құжатқа сәйкес, ең тиімді салық мөлшерлемесі қозғалтқыш көлемі 3-4 литр болатын автомобильге арналған.

Қазір мотор күші 3000-3200 текше см автокөлік үшін 35 АЕК, 3200-3500 текше см үшін 46 АЕК, ал 3500-4000 текше см үшін 66 АЕК төленсе, 2026 жылдың қаңтарынан бастап қозғалтқыш көлемі 3000-4000 текше см автокөлік үшін 15 АЕК мөлшерінде салық төлейді.

Елімізде ескірмеген немесе жаңа көлік салығы да төмендейді. Мәселен, 2026 жылы 1 АЕК мөлшері  4148 теңге болса, 2022 жылы шыққан 4 литрлік авто үшін 66 АЕК (273 768 теңге) орнына 15 АЕК (62 220 теңге) салық  төленеді. Бұл 4.4 есе аз.

Бүгінде Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 6 млн 460 мыңға жеткен, оның ішінде 86,6% – жеңіл автомобильдер, 9,6% – жүк көліктері, 1,8% – автобустар, 2% – мотокөліктер.

Автокөліктердің 4,3 млн-нан астамы (67%) 10 жыл бұрын шыққан. 1,6 млн көліктің жүргеніне 3-10 жыл болған. Ал шыққанына үш жыл толмаған жаңа көлік саны 453,1 мың.

Басқа материалдар

Back to top button