KIA ресми дилері қосымша жабдықты мәжбүрлеп сатып алуды негізсіз талап еткен

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті жаңа жеңіл автокөліктерді сату кезінде қосымша жабдықты мәжбүрлеп сатып алуды талап ету белгілері бойынша KIA ресми дилері – («Ilbers auto») ЖШС-ға үстем жағдайды теріс пайдалану фактісі бойынша хабарлама жолдады.
Осы ретте Агенттік ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабының 4) және 9) тармақшаларында көзделген үстем жағдайды теріс пайдаланудың белгілерін анықтады. Бұл белгілер тұтынушыны қосымша міндеттемелерді қабылдауға мәжбүрлеу немесе шарттың мәніне қатысы жоқ, экономикалық немесе технологиялық жағынан негізделмеген талаптарды қою арқылы көрініс тапқан.
Бәсекелестік заңнамасын бұзу фактілері негізінде Агенттік оларды жою туралы хабарлама жолдаған. Қазір бұзушылықтар жойылып, хабарлама орындалды.