Автосервис

Қостанайда KIA зауытының 2 кезеңін салу жобасы мақұлданды

«Мемсараптама» РМК Қостанай қаласында KIA автомобиль өндіретін зауыттың 2 кезеңінің құрылысына оң қорытынды берді.

Зауыт Қостанай қаласындағы индустриялық аймақта бой көтереді. Жобаға сәйкес жаңадан салынатын  кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 70 мың автокөлікті құрайды.

Тапсырыс беруші: «KIA Qazaqstan» ЖШС. Жобалаушы: «Gakyeong Architects & Engeneers Inc» АҚ-ның Астана қалалық филиалы.

Бұған дейін үкімет басшысы Олжас Бектенов Қазақстанда құрастырылатын көлік бөлшектерінің 50%-ы елімізден өндіріледі деген уәде берді.

Мысалы, автомобиль өндірушілерді локализациялау биыл 30%, ал 2027 жылы 50%-ға дейін арттыру бойынша міндеттемелер белгіленді. Биыл екі автомобиль өндіру зауыты, атап айтқанда Қостанай облысы мен Алматы қаласында жалпы өндірістік қуаты жылына 160 мың автокөлікті құрайтын KIA және мультибрендті зауыттарын іске қосамыз, — деді ол.

Басқа материалдар

Back to top button