TUCSON-мен туысқан MUFASA: Қазақстандағы жаңа кроссовер құны қанша?

Былтыр жыл соңында Қазақстандағы Hyundai ресми дистрибьюторы Hyundai MUFASA жаңа технологиялық кроссоверін сатудың басталғаны туралы хабарлады. Қазір автокөлік Алматыда Hyundai Trans Kazakhstan зауытында шығарылады және екі құрамда (комплектация) ұсынылған. Жаңа автоөнім бағасы 13,8 теңгеден басталады.
Hyundai MUFASA – орташа өлшемді кроссовер. MUFASA алғаш рет 2023 жылдың наурызында концепт-кар ретінде ұсынылды, кейін сериялық модель автокөлік әуесқойларының назарын өзіне аударып, Шанхай автосалонында дебют жасады. Бүгінде MUFASA негізінен қала тұрғындарына ыңғайланған.
Жаңа автокөлік Hyundai TUCSON платформасында жасалған, бірақ шанағы мен салон дизайны толығымен жаңа. Әмбебап кроссовер: ер адамдарға да, әйел адамдарға да жарамды.
MUFASA тік форматта жасалған және ортақ блокқа біріктірілген фараларға, 18 дюйм дөңгелектерге және артқы LED-шамдардың тұйық контурын тиімді баса көрсететін биік дөңгелек аркаларға ие болды. Модельдің клиренсі 147 мм-ге тең, бұл жолдағы кедір-бұдырлық пен кедергілерден сәтті өтуді қамтамасыз етеді.
Эксклюзивті интерьерді құрудың заманауи тәсілі ыңғайлылық пен технологиялық шешімдерде көрінеді. Салонның ерекшеліктерінің бірі, 12,3 дюйм екі экраннан тұратын цифрлық панель: біреуі аспаптық панель рөлін атқарса, екіншісі Apple CarPlay және Android Auto сымсыз қосылуын қолдайтын, интерфейсті қазақ тілінде көрсету мүмкіндігімен ақпараттық-ойын-сауық дисплейі, сондай-ақ Navitel навигациясы ретінде қызмет етеді.

Автокөліктің айрықша ерекшелігі — жүргізушінің креслосы қара түспен, ал жолаушылар орындары ақ түспен белгіленген көп аймақты салонды таңдау мүмкіндігі, бұл көлікті жүргізуші үшін одан да қолайлы және жолаушылар үшін ерекше етеді. MUFASA креслолары эко-былғарымен қапталған. Басқа ыңғайлы функцияларына Smart Key кілтсіз кіру жүйесі және қозғалтқышты іске қосу батырмасы, ұялы телефонды сымсыз зарядтау, көптеген сақтау орындары және сыйымды жүксалғыш кіреді.
Автокөлік қауіпсіздіктің озық технологияларымен жабдықталған: айнала шолу жүйесі, автокөлікті қозғалыс жолағында ұстау көмекшісі, соқыр аймақта соқтығысуды болдырмау жүйесі, «өлі» аймақтарға мониторинг жүйесі, адаптив круиз бақылау, артқы көрініс камерасы және тұрақ радарлары.
TUCSON-мен жақын туыстығы туралы сенімді агрегаттар да айтып тұрғандай: көлемі 2.0 литрлік қозғалтқыш және 6 сатылы автомат. Автокөлік 100 км/сағ дейінгі жылдамдықты 11,1 секунд бағындырады.
Кроссовер алты түсте ұсынылған – бұл қара, ақ, інжу көк, сұр хаки, қызыл, қанық көк.
Модельді Қазақстан бойынша барлық Hyundai ресми дилерлік орталықтарынан сатып алуға болады.