Қазақстанда автогаз қымбаттады: қай өңірде баға шарықтады?
Энергетика министрлігінің бұйрығымен Қазақстанда 1 ақпаннан бастап автогаз қымбаттады. Аймақта газдың бағасы 6 теңгеден 23 теңгеге дейін артқан.
Алматы мен Астана газ бағасы 13-18 теңгеге қымбаттап, 102 теңге болған. Шалғай аудандарда 107 теңгеге жетеді.
Өзге өңірлермен салыстырғанда Маңғыстауда газ «азырақ» қымбаттаған. Мұнда ол бұрын 59 теңге болса, қазір 65 теңге болған. Облыстың шалғай жерлерінде газ 70 теңгеге жетеді.
Газ бағасы өңірлерде:
- Астана – литрі 102 теңге (бұрын 82 теңге болған);
- Алматы – 102 теңге (бұрын 89 теңге болған);
- Шымкент – 90 теңге (бұрын 70 теңге болған);
- Ақтөбе және Атырау облыстары – 77 теңге (бұрын 59 теңге болған), шалғай аудандарда — 82 теңге;
- Ақмола облысы – 102 теңге (бұрын 84 теңге болған), шалғай аудандарда — 107 теңге;
- Алматы облысы – 102 теңге (бұрын 89 теңге болған), шалғай аудандарда — 107 теңге;
- Жамбыл облысы – 90 теңге (бұрын 78 теңге болған), шалғай аудандарда — 95 теңге;
- Батыс Қазақстан облысы – 77 теңге (бұрын 70 теңге болған), шалғай аудандарда — 82 теңге;
- Қызылорда облысы – 90 теңге (бұрын 70 теңге болған), шалғай аудандарда — 95 теңге;
- Маңғыстау облысы – 65 теңге (бұрын 59 теңге болған), шалғай аудандарда — 70 теңге;
- Павлодар облысы – 102 теңге (бұрын 81 теңге болған), шалғай аудандарда — 107 теңге;
- Солтүстік Қазақстан облысы – 102 теңге (бұрын 89 теңге болған), шалғай аудандарда — 107 теңге;
- Түркістан облысы – 90 теңге (бұрын 70 теңге болған), шалғай аудандарда — 95 теңге;
- ШҚО, Қостанай, Қарағанды, Жетісу, Ұлытау және Абай облыстарында – 102 теңге (бұрын 84 теңге болған), шалғай аудандарда – 107 теңге.
Бұған дейін энергетика министрлігі сұйытылған газдың бағасын өндірістің өзіндік құнына жақындату қажеттігін алға тартқан еді. Ведомствоның мәліметінше, осы уақытқа дейін айырмашылық 30 пайыз болған.
Ведомствоның түсіндіруінше, осының салдарынан өндіруші зауыттарда жоспарлы жөндеу және жаңату жұмыстарына қаражат жетіспейді. Ал сұйытылған газға сұраныс өскен: 2022 жылы 1.2 млн тонна газ тұтынылса, 2024 жылы 2,4 млн тонна болады деген болжам болған.



