Бектенов: Қазақстанда құрастырылатын көлік бөлшектерінің 50%-ы өз елімізде жасалады

Үкімет басшысы Олжас Бектенов Қазақстанда құрастырылатын көлік бөлшектерінің 50%-ы елімізден өндіріледі деген уәде берді. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді.
«Мысалы, автомобиль өндірушілерді локализациялау биыл 30%, ал 2027 жылы 50%-ға дейін арттыру бойынша міндеттемелер белгіленді. Биыл екі автомобиль өндіру зауыты, атап айтқанда Қостанай облысы мен Алматы қаласында жалпы өндірістік қуаты жылына 160 мың автокөлікті құрайтын KIA және мультибрендті зауыттарын іске қосамыз», — деді ол.
Бектеновтің айтуынша, өткен жылы сырттан келетін тракторлар мен комбайндарды субсидиялаудан бас тартқан. Ал бұл Қазақстанда зауыттарын ашқан шетелдік өндірушілер үшін тиімді болды.
Мәселен, Петропавлдағы неміс концернінің тапсырыс көлемі екі есе өсті. Бүгінде басқа да ауылшаруашылық техникаларын өндірушілер Қазақстанда өндірістерін локализациялауды бастады, — деді премьер-министр.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2024 жылы Қазақстанда жалпы құны 1,9 трлн теңге болатын барлық типтегі 147 431 көлік құралы шығарылды. Ал 2023 жылы 1,83 трлн теңгеге 149 753 техника жасалған (-1,6%). Өндіріс көлемінің төмендеуіне қарамастан, автоөнеркәсіп әлі де елдегі машинажасау саласының драйвері болып келеді. Автокөлік құралдары өндірісінің үлесі 2024 жылғы қаңтар-желтоқсанда машина жасау саласының 41% құрады.
Бұған дейін JETEK редакциясы 2025 жылы Қазақстанда пайдалануға берілетін автозауыттар жайлы қысқаша ақпарат бермек.