Автонарық

iPhone бағасымен шамалас: Қазақстанда VIP авто нөмірлердің құны қанша?

Тұрғындар алдымен көлік алғысы келеді, сосын мелекеттік тіркеу нөмірін қиялындағыдай еткісі келеді. Көбінің сұранысы ұқсас келеді, сұранысқа сай мемлекеттік нөмірлердің бағасы да аспандап шыға келеді.

Осы ретте JETEK редакциясы 2025 жылы сұраныс көп болған бірқатар мемлекеттің нөмірдің бағасын ұсынады. Сұраныс артқан сайын баға да аспандай беруі мүмкін, немесе керісінше.

Еске салайық, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшері 3932 теңге болды. АЕК онлайн калькуляторы автокөлікке қарапайым мемлекеттік нөмірді тіркеу құны 11 009.60 теңге тұратынын хабарлайды.

Қазақстандағы қымбат авто нөмірлер:

1) Қазақстанда 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 деп келетін мемлекеттік нөмірді тіркеу құны шамамен 224 124 теңге тұрады.

2) Елімізде 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 деп келетін мемлекеттік нөмірді бірдей әріптермен (ААА, ZZZ сияқты )тіркеу құны шамамен 448 248 теңге тұрады.

3) Қазақстанда 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 деп келетін мемлекеттік нөмірді тіркеу құны шамамен 538 684 теңге тұрады.

4) Елімізде 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 деп келетін мемлекеттік нөмірді бірдей әріптермен (ААА, ЕЕЕ сияқты )тіркеу құны шамамен 762 808 теңге тұрады.

Басқа материалдар

Back to top button