Автонарық

Былтыр Қазақстанда электрокар саны көбейген

Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, 2024 жылдың қарашасында 168,3 мың автокөлік құралы есепке қойылды. Бұл көрсеткіш 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,9% артты, оның ішінде жеңіл автомобильдер 5,2% артты, жүк автомобильдері 31% артты және автобустар 14,4% кеміді.

2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 5 млн 694,5 мыңға жетті, оның ішінде жеңіл автомобильдер (88%), жүк автомобильдері (9,9%) және автобустар (2,1%), — деп жазылған хабарламада.

Алғаш рет тіркелген жаңа жеңіл автомобильдердің саны 31 149 бірлікті құрады. Жаңа автомобильдердің ең көп тіркелген:

  • Алматы қаласы – 6351 бірлік;
  • Астана қаласы – 4300 бірлік;
  • Шымкент қаласы – 3416 бірлік;
  • Алматы облысы – 2869 бірлік.

Сонымен қатар, 2023 сәйкес кезеңімен салыстырғанда электр қуатымен жүретін жеңіл көліктер саны 1,6 есе артты — 7383-ден 12 119 бірлікке дейін. Электр көліктерінің ең көбі келесі өңірлерде тіркелген:

  • Алматы қаласы — 7157 бірлік;
  • Астана қаласы — 1464 бірлік;
  • Алматы облысы — 621 бірлік.

Басқа материалдар

Back to top button