Автожурналистер АҚШ пен Еуропадағы үздік көліктерді анықтады

Қаңтарда автомобиль әлеміндегі қорытындылар шығып, былтырғы үздік машина байқауларының жеңімпазы белгілі болады. Еуропаның 23 елінен жиналған алпыстан аса автожурналист әр кандидатқа балл беріп, үздіктерді анықтады. Бұл жолы 353 балл жинаған Renault 5 жеңіске жетті.
Renault өнімі осымен екінші жыл қатарынан «Еуропаның жыл автомобилі» (COTY) атанып отыр, былтыр Renault Scenic моделі жеңімпаз болған.
Екінші орынға 291 балл жинаған Kia EV3 жайғасты. Үздік бестікке Citroen C3/eC3 (215 балл), Hyundai Inster (172), Dacia Duster (168), Cupra Terramar (165) және Alfa Romeo Junior (136) енді. Демек Еуропа халқына шағын хетчбэк пен арзан кроссоверлер ұнайды. Тізімдегі көліктердің тең жартысы — электромобиль.
Сондай-ақ Детройт автосалонында «Солтүстік Американың жыл автомобилі» (NACTOY) конкурсының жеңімпазы Honda Civic Hybrid болды, ал Kia K4 пен Toyota Camry одан кейінгі орындарға жайғасты. Пикаптар арасында бас жүлде жүлде Ford Ranger моделіне бұйырды, Ram 1500 бен Toyota Tacoma одан кейінгі орындарда.
Utility категориясында күтпеген жерден Volkswagen ID.Buzz минивэні топ жарды, ол Chevrolet Equinox EV мен Hyundai Santa Fe-ден басым түсті.