Автонарық

Toyota Crown һәм Ferrari Purosangue: кім кімнен көшірген?

Toyota — бағасы мен сапасы сай келетін көлік шығаратын компания деген репутациясы бар автобренд. 

2023 жылы автоконцерн седан мен кроссовер, универсал мен жол талғамайтын көлік режимін (SUV) бір модельге жинақтап, Toyota Crown Sport суперкарын жасап шығарды.

Алайда, «Fast Lane Car» YouTube каналы Toyota Crown Sport суперкары құны 200 млн теңге ($400 мың) Ferrari Purosangue моделіне өте қатты ұқсайтынын анықтады.

Екі модельдің алдыңғы бөлігі де, тіпті көлік эмблемасының орналасуы да өте ұқсас.

Оған қоса, Toyota Crown Sport мен Ferrari Purosangue 2022 жылы қатар шықты. Сондықтан кім кімнен көшіргенін дөп басып айту қиын. 

Дегенмен, айырмашылық бар: Ferrari Purosangue сыңары Toyota Crown Sport-тан ұзындығы, биіктігі, жалпақтығы жағынан біршама көлемдірек. Моторының күші жағынан да (Ferrari Purosangue — 715 аттың күші) айырмашылық бар (Toyota Crown Sport — 340 аттың күші).

Басқа материалдар

Back to top button