Автонарық

Амантаев & «Мотиватор»: Мұхит жекпе-жек жеңімпазы үшін сұрап отырған Mercedes құны қанша?

2024 жылдың соңында басталған атыраулық файтер Әнуарбек Бекембетов (лақап аты «Мотиватор») пен танымал бокс бапкері Мұхит Амантаев арасындағы онлайн жанжалдың соңы подкастқа ұласып, екі спортшы бетпе-бет кездесті.

Мыңдаған оқырманды мазалаған сұрақ – екеуінің арасындағы жанжал жай ғана қойылым ба, әлде расымен де араз бар ма? Спортшылар өзара мәселені әлеуметтік желіде емес, неге шаршы алаңда шешпейді?

Әнуар мен Мұхит тек сөз таластырып қоймай, алда рингке де шығатын сияқты. Оны подкаст қонағы болған – Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының президенті Рахымжан Ерденбеков экс-боксшыларға 6 раундтан тұратын жекпе-жек ұйымдастыруға рұқсат беретінін мәлімдеді.

Бір қызығы, Мұхит Амантаев та, Әнуарбек Бекембетов те бұл жекпе-жектен пайда тапқысы келетінін мойындады. Мұхит Амантаевтың айтуынша, бұл жекпе-жектен бапкер кем дегенде Mercedes-Benz E-класс көлігін тақымдағысы келеді (2024 жылғы моделі жарай береді – ред.).

Mercedes-Benz E-класс моделінің Қазақстанда үш түрі сатылымда тұр екен. Классикаға айналған седанның Е 200, Е 300, Е 450 дейтін түрлері бар (2024 жылғы).

Егер, салоннан аламын десе, Mercedes-Benz Е 200 құны 36 890 000 теңгеден басталады. Е 300 бастапқы құны – 38 900 000 тг, Е 450 бастапқы құны — 47 782 950 тг.

Instagram.com/kuat_khamitov

Шамасы, Мұхиттың «тәбеті» 2024 жылдың күзінде болған файтерлердің жекпе-жегі – Қуат Хамитов пен Нұрберген Шарипов арасындағы кездесуінен кейін ашылған сияқты. Ол кезде жүлдеге Lexus ES көлігі тігілген еді. Ол жекпе-жек те 6 раундқа созылып, нәтижесінде Қуат Хамитов жеңімпаз атанды.

Кейіннен Қуат Хамитов жек-жектен жеңіп алған көлігін сатылымға шығарып, құнын 25 млн теңге деп белгіледі.

Басқа материалдар

Back to top button