Автонарық

Ford, GM және Toyota не үшін Трамптың инауграциясына ақша бөлді

Америкалық Ford және General Motors автоөндірушілері, сондай-ақ жапондардың Toyota компаниялары АҚШ президенті болып сайланған Дональд Трамптың инаугурациясына 1 млн АҚШ долларынан бөлді.

АҚШ президентінің инаугурациясына қаржы жинау әдеттегі тәжірибе. Мысалы, 2021 жылы Джо Байденнің инаугурациясына Google, Microsoft және Pfizer сияқты ірі компаниялар шамамен 61 миллион доллар жинап берді. Дональд Трамп 2017 жылы алғаш рет АҚШ президенті болғанда 106,7 миллион доллар жиналған.

АҚШ билігіне жаңа президенттің келуімен автоөнеркәсіп секторында өзгерістер болуы мүмкін. Мәселен, Дональд Трам сайлауалды мәлімдемесінде Мексика, Канада және Қытайдан келетін авто импортына 2000 пайыздық баж салығын енгізетінін айтқан. Бұл Сондай-ақ электромобиль үшін федералды салық несиесін жою туралы да әңгіме болған.

«Қазір Қытай Мексикада үлкен автомобиль зауыттарын салып жатыр және бұл көліктер АҚШ-та еш кедергісіз сатылады. Бұл Мичиган, Оңтүстік Каролина және басқа да көптеген штаттардағы автоөндіріске қауіп төндіреді», деген еді Дональд Трамп.

Ford бас директоры Джим Фарли АҚШ жаңа президенті өзгеріс кезінде компания пікірі ескеріледі деп үміттенетінін айтты.

Ал, General Motors бас Мэри Барра компания мен Дональд Трамп «мақсатына жетуге жақын» екенін, сондай-ақ өзгеріс міндетті түрде болатынын атап өтті.

Басқа материалдар

Back to top button