Жаңа авто

Sony мен Honda бірлесіп жасаған алғашқы электрокарын ұсынды

Sony мен Honda компаниялары Лас-Вегас қаласындаа өткен CES 2025 көрмесінде бірлесіп жасаған алғашқы Afeela 1 электр көлігін ұсынды. 2025 жылы электромобиль тек АҚШ нарығында сатылымға шығарылады, ал оның бастапқы бағасы 89 900 долларды құрайды.

Afeela 1 электромобилінің көлемі айтарлықтай үлкен: ұзындығы – 4915 мм, ені – 1900 мм, биіктігі – 1460 мм, дөңгелек базасы — 3000 мм. Салон бес жолаушыға арналған, ал жүксалғыш көлемі –америкалық EPA әдістемесі бойынша 765 литр. Бір қызығы, көлікте әдеттегідей артқы жақты көрсететін айна бар, бірақ олар көліктің бүйіріндегі камераларымен және салондағы экрандармен толықтырылған.

Көліктің екі нұсқасы ұсынылады:

  • Afeela 1 Origin – 89 900 доллар.
  • Afeela 1 Signature – 102 900 доллар.
Сол жақта — Origin, оң жақта — Signature

Электромобильдің бағасына бірнеше сервистерге жазылым да кіреді. Оның ішінде L 2+ деңгейіндегі жүргізушіге көмек көрсету жүйесі мен жасанды интеллект негізіндегі дыбыс көмекшісі бар.

Жаңа электрокар 40 камера арқылы жүргізушіге көмек көрсету жүйелерін қамтамасыз етеді. Салондағы алдыңғы панель енін толық қамтитын 40 дюймдік экран автомобильдің заманауи әрі инновациялық сипаттамаларының бірі. Сондай-ақ көлікке Tesla Supercharger зарядтау станцияларын пайдалануға болады.

Басқа материалдар

Back to top button