Бағдаршам

Қырғыз билігі көлік салығынан бас тартады

Қырғызстан билігі көлік салығынан бас тарту туралы шешім қабылдады. Тиісті қаулыға Садыр Жапаров қол қойған. Бұл шара 2025 жылдың 1 қаңтарында күшіне енген «Жол қоры» туралы заңмен байланысты екен, ол бойынша бензин мен дизельдің әр литрінен бір сом алынады.

Қаулы мәтініне сәйкес Қырғыз үкіметі екі ай ішінде көлік салығының күшін жоятын түзетулер жобасын дайындауы керек. Одан бөлек Қырғыз президенті 1 қаңтарға дейін көлік салығын төлемеген азаматтарды төлемнен босатуды тапсырды, бірақ ол үшін тұрғыннан ақша өндіріп алу туралы сот актісі болмауға тиіс.

Анықтама ретінде: Қырғызстанда көлік салығының мөлшері қозғалтқыш көлеміне ғана емес, автомобильдің жылына да байланысты. Мысалы, 2.5 литрлік моторы бар, 5 жыл бұрын шыққан көлік үшін 2250 сом (13,75 мың теңге) сұралса, 5-тен 10 жылға дейінгі машина иесі — 1875 сом (11,5 мың теңге), 10-нан 15 жылға дейінгі автомобильге — 1500 сом (9.2 мың теңгеге жуық), ал 15 жыл бұрын және одан ерте шыққан техника үшін 1125 сом (6.9 мың теңгеге жуық) төлейді.

Айта кетейікі, салықты жанармай бағасына қосу туралы мәселе Қазақстанда көтеріліп, бұл бастама аяқсыз қалды.

Басқа материалдар

Back to top button