Tesla, Infiniti: Мәсімовтен тәркіленген 11 автокөліктің құны қанша?

2022 жылы ҰҚК экс-төрағасы Кәрім Мәсімовтен 11 автокөлік тәркіленді. Тәркіленген көліктердің ең қымбаты 950 мың АҚШ долларынан басталады. Тіпті кей көлік қазір сатылымда жоқ болған соң, сарапшылар да оның құнын дәл басып айта алмаған.

Mercedes-Benz S 600 Guard (V222). Құрышпен қапталған седан – Guard нұсқасы. 2014 жылдан бері шығарылады. Зауыттан кем дегенде 950 мың долларға сатылған. Құны қорғаныс деңгейі мен жабдыққа байланысты өзгереді. Koleso.kz сарапшылары бұл көліктің Қазақстан нарығындағы орташа бағасын есептеу мүмкін емес екенін айтады. Себебі көліктің бұл түрі сирек кездеседі және қорғаныс деңгейі де белгісіз.

Nissan Patrol (Y62). 2010 жылдан 2013 жылға дейін шығарылған. Kolesa.kz сайтында 2010 жылы шыққан көлік құны 11,7 млн теңгеден басталып, 2013 жылғы нұсқасы 13,9 млн теңгеге жетеді.

Infiniti QX80. 2017 жылдан бері шығарылады. Kolesa.kz сайтындағы орташа бағасы 2018 жылы шыққан көлік үшін 31,1 млн теңгеден басталып, 51,9 млн теңгеге дейін жетеді.

Toyota Land Cruiser (J100). 2002-2005 жылдары шығарылған. Kolesa.kz сайтында бағасы 2002 жылы шыққан көлік үшін 7,3 млн теңгеден басталып, 2005 жылғы нұсқасы 10,9 млн теңгеге дейін жетеді.

Mini Countryman Cooper S ALL4 (R60). 2014-2017 жылдары шыққан. Нарықта ұсыныс аз болғандықтан, бұл көліктің орташа бағасын дөп басып айту мүмкін емес. Мамандардың айтуынша, толық жетекті Cooper S нұсқасы 2016 жылы шығарылған көлік үшін бағасы 11 млн теңгеден басталуы мүмкін.

Volkswagen Multivan (T6). 2015 жылдан 2019 жылға дейін шығарылған. Kolesa.kz сайтындағы орташа бағасы 2015 жылы шыққан көлік үшін 21 млн теңгеден басталып, 2018 жылғы көлік үшін 35,3 млн теңгеге дейін жетеді.

Volkswagen Caravelle (T6). 2015-209 жылдары шыққан. Бұл көліктің орташа бағасын дәл айту мүмкін емес, себебі нарықта ұсыныс саусақпен санарлық.

Tesla Model 3. Көлік 2017 жылдан бері шығады. Бұл көліктің де бағасын нарықтағы ұсыныстың аз болуына байланысты анықтау мүмкін емес. Сондай-ақ бағасы көліктің техникалық жағдайына тікелей байланысты.
Kolesa.kz сайтында 2018 жылы шыққан ешкім айдамаған Model 3 құны 20 млн теңгеден 37,5 млн теңгеге дейін жетеді.

JAC iEV7S. Қостанайдағы «СарыарқаАвтоПром» кәсіпорнында жиналған JAC маркалы қытай электромобилі. Көлік шашамен 2020 жылы шыққан. Сатылым аз болғандықтан қайталама нарықта сирек кездеседі. Автокөлік Қостанайда жиналып, JAC (AllurGroup) автосалондарында сатылады.
Дәл осындай электромобильдерді Медеудегі электр такси тұрағында көруге болады.

Mercedes-Benz Sprinter. Көлік 2018 жылдан бастап шығарылады. Қазақстан нарығында шыққан жылы сәйкес келетін ұқсас көлік болмағандықтан бағасын айту мүмкін емес. Құны автокөлік жабдығы мен өндірушісіне де байланысты. Қазақстан нарығындағы көліктерге қарап құны шамамен 30 млн теңгеден асады деп болжай аламыз