Ең сенімді көлік: Toyota мен Lexus рейтингте Subaru-ға жол берді

Америкалық Consumer Reports басылымы 2024 жылғы ең сенімді автомобиль брендтерінің рейтингін жариялады. Рейтинг көшін Subaru бастап, бұрынғы көшбасшылар – Toyota мен Lexus брендтерін артқа тастады.
Бұл рейтинг соңғы 25 жыл ішінде шығарылған 300 мың көлік иесі арасындағы сауалнама негізінде түзілген.
Subaru ең сенімді автомобиль брендтерінің рейтингінде (100 баллдық шкала) 66 балл жинаған. Одан кейінгі орында Lexus (65 бал) мен Toyota (62 балл) жайғасқан. ТОП-6 тізімге Honda (59 балл), Acura және Mazda (55 балл) енген.
Сарапшылардың пікірінше, рейтинг басына Subaru бренді шығуының басты себебі – әбден пісіп-жетілген, сын тезінен өткен технологияларға сүйенуі. Сондай-ақ басқа маркалармен салыстырғанда күрделі жүйелер жоқтың қасы – жүргізушіге бәрі түсінікті.
Рейтингте Tesla (36 балл), Volkswagen (34 балл), Jeep және GMC (33 балл), Cadillac (27 балл) автобрендтері де бар.
Еске салайық, былтыр J.D. Power агенттігі әзірлеген ең сенімді автобрендтер көшін Lexus және Toyota бастаған еді. Сарапшылардың пікірінше, аталмыш көліктердің рейтингтегі орнына жүргізуші үшін көп қиындық туғызатын – күрделі мультимедиалық жүйелер мен электрлі қозғалтқыш бөліктері әсер еткен.