АИ-92 бензині неге көлікке зиян келтіруі мүмкін — сарапшы

Қазіргі кей автокөлік моторлары АИ-92 маркалы бензинге бейімделгенімен, оны қолдану көлікке зиян келтіруі мүмкін. Бұл туралы «За рулем» журналының сарапшысы Александр Виноградов ескертті.
Сарапшының айтуынша, АИ-92 бензинін пайдалану келесі мәселелерге әкеп соғуы мүмкін:
Детонация: октан санының төмендігі отын-ауа қоспасының ерте тұтануына әкелуі мүмкін, бұл мотордың «дүрсілдеуіне» (стук) себеп болады. Бұл поршень мен клапандарға өте зиян.
Қуаттың төмендеуі: АИ-92 жанармайы мотордың тиімділігін төмендетуі мүмкін, себебі қазіргі қозғалтқыштарға октан саны мен сығу дәрежесіне дәл сәйкестік қажет.
Құрамдас бөліктердің тез тозуы: жанармайдың арзан түрін қолдану цилиндр-поршень тобының тез тозуына әкелуі мүмкін.
Шығын көбейеді: октан санының төмендігі жанармай шығынын көбейтеді, себебі мотор энергия жетіспеушілігін өтеу үшін жұмыс параметрін өзгертеді.
Сарапшы автокөлік өндірушісінің нұсқауын мұқият орындап, көлік моторына сай келетін жанармай пайдалануды ұсынады. Нұсқаулықта АИ-92 пайдалануға рұқсат етілгенімен, АИ-95 сияқты октан саны жоғары жанармай тұтыну қауіпсіз болуы мүмкін.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстанда 5,5 млн автокөлік құралы тіркелген: 88% – жеңіл автомобиль, 9,9% – жүк көлігі, 2,1% – автобус. Сондай-ақ бұл көліктердің басым бөлігі (90%) бензинмен жүреді. Ал қалғаны аралас отын (7,4%), дизель (1,9%), газбен (0,1%) жүреді.