Бағдаршам

Биыл автомобильді алғашқы тіркеу ақысы қанша?

Қазақстанда 2025 жылдың қаңтар айынан бастап айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 3 932 теңге болады. Демек, АЕК мөлшеріне сай көлік тіркеу алымы да өседі.

Қазақстанда алғашқы тіркеу ақысының мөлшері айлық есептік көрсеткішке (АЕК) байланысты. Алғашқы тіркеу ақысы Қазақстанда тұңғыш рет тіркеліп жатқан автомобильдерге қатысты.

Алым мөлшері қозғалтқыштың түріне – электрлі немесе дәстүрлі мотор (қозғалтқыш) болғанына байланысты. Сондай-ақ, алым мөлшеріне көлік құралының шыққан жылы әсер етеді: 3 және одан көп жыл бұрын шыққан жеңіл автомобильді тіркеу ақысы шыққанына 2-3 жыл болған машинадан 10 есе көп.

Мысалы, 2022 жылғы машина 2025 жылы шыққанына 3 жыл және одан көп болған категорияға жатады. Шыққан жылы ретінде машинаның зауыттық тақтайшасында көрсетілген уақыт есептеледі. Гибрид немесе дәстүрлі моторме жүретін Toyota Camry көлігін (М1 категориясы) тіркеу үшін иесі 500 АЕК (1 966 000 теңге) ақы төлейді.

Алғашқы тіркеу ақысына техпаспорт пен мемлекеттік нөмір алымы енбейді, олар сәйкесінше – 1.25 АЕК және 2.8 АЕК. 2025 жылы бұл 15 924.6 теңге болды.

Айта кетейік, Қазақстанда АЕК өскен соң 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап айыппұл мен утильалым мөлшері де артады.

Басқа материалдар

Back to top button