Автонарық

1,5 мың адам жұмыссыз: «Мерседес» логосын шығаратын компания банкрот болды

Bloomberg мәліметінше, Mercedes-Benz көліктеріне тор, тұтқа және сәнді қаптама, соның ішінде әйгілі үш сәулелі жұлдызды өндіруге маманданған Gerhardi шеберханасы банкрот болғанын жариялап, 1500 қызметкер жұмыссыз қалды.

XVIII ғасырдың аяғында негізі қаланған компанияның банкрот болуына серіктес компанияның, әсіресе электрлі «мерседестердің» саудасы құлдырағаны әсер еткен болуы мүмкін. III тоқсан қорытындысы бойынша сұраныс үштен бірге азайған. Алдыңғы бөлігіндегі хромдалған пластик жұлдызшаны Gerhardi әзірлеген.

Электромобильге қызығатындар азайып, осы нарықтың өсуіне үміттеніп, өндіріс қуатын кеңейту үшін инвестиция салу бөлшек пен жабдық жеткізушілерге шығын әкеліп жатыр. Бірақ іштен жанатын қозғалтқышы бар көлікке арналған дәстүрлі компоненттерді өндірушілердің, соның ішінде Фридрихсхафендегі әйгілі ZF қорабын өндірушінің болашағы да алаңдатады. ZF өзінің жергілікті зауыттарындағы жұмысшы санын екі есе қысқартуды жоспарлап отыр.

Mercedes-Benz – Германияның автомобиль жасайтын компаниясы. Негізгі өнімдері — жоғарғы класстағы автомобильдер, жүк автомобильдері, автобустар және т.б. көліктер. «Daimler AG» автомобильдер концернінің бөлігі.

Басқа материалдар

Back to top button