Орташа жылдамдықты асырған жүргізушілерге айыппұл салынған жоқ – ІІМ

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха орташа жылдамдық бұзған жүздеген көлік жүргізушісіне айыппұл салынбағанын мәлімдеді.
Қазіргі кезде ақылы жолдарда нақты 16 учаскеде орташа жылдамдықты есептеу жүйесі енгізілді. Тасжолдарда орнатылған бейнебақылау камералары көліктің бір аркадан екінші аркаға дейінгі уақытын тіркеп, ең соңында орташа жылдамдығын есептеп шығарады.
Бұл жүйе әзірше тесттік режимде істеп тұр. Осы айдың ішінде орташа жылдамдықты бұзудың 585 фактісі анықталды. Тесттік режим болғасын айыппұл салынбайды, — деді Игорь Лепеха.
Осы орайда министрдің орынбасары тек ресми ақпаратқа сенуге шақырды. Бүгінде бірде-бір адамды орташа жылдамдықты бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылмаған.
Айта кетейік, 4 желтоқсанда жол ережесіне енгізілген маңызды өзгеріс күшіне енді. Оған сәйкес, халықаралық және республикалық жолдарда орташа жылдамдықты асырған көлік жүргізушілеріне айыппұл салынады. Айыппұлдың көлемі 5-40 АЕК (2024 жылы 18 460 — 147 680 теңге) болады. Мәселен, орташа жылдамдықты 60 шақырымға асырғандарға 150 мың теңге төлеуге тура келеді.
Еске салайық, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшері 3932 теңге болады. Жол ережесін бұзған көлік жүргізушілеріне салынатын айыппұл көлемі осы АЕК мөлшеріне тікелей байланысты. Сондықтан қаңтардан бастап айыппұл мөлшері де өседі.