Автонарық

«Реал» неге Audi компаниясына «талақ» айтып, BMW көлігіне отырды

2022 жылдың шілде айында атақты «Реал Мадрид» клубының басшылығы 19 жыл демеуші болған немістің «Audi» автоконцернімен келісімді созбай, жаңа көлікке мінді. Яғни, корольдік клуб бір немістен секіріп екінші неміс көлігіне (BMW) отырды.

«Реал» мен BMW арасындағы келісімшарт қай уақытқа дейін созылатыны, арадағы келісім сомасы қанша болатыны туралы ашып айтылмады.

Алайда, клуб пен автокомпания арасындағы келісім әдеттегідей жұмыс істейді: футболшылар мен бапкерлердің қызметтік көлігі BMW болады. Арена ішінде брендинг болады, сондай-ақ клубтың маусым алдында өткізетін бейресми матчтары (жолдастық кездесу) BMW брендімен өтеді. Одан бөлек, клубтың жаттығу орталығында да нейминг қарастырылған.

Биыл BMW автокомпаниясының «Реал» клубындағы демеушілігі үшінші маусымға жалғасып келеді. Клуб басшылығы BMW бренді команданың басты емес, жаһандық деңгейдегі демеушісі болатынын атап өтті.

Айта кетейік, «Реал Мадрид» клубының спорт киімі мен эпикировкасы бойынша техникалық демеушісі 1998 жылдан бері Adidas компаниясы. Тіпті, клуб пен киім бренді арасындағы келісімшарт 2028 жылға дейін жалғасады. Сатылған жейде мен жалпы келісім аясында «Реал» жыл сайын 120 млн еуро көлемінде табыс табады. Одан бөлек, «Реал» клубының титулды демеушісіне айналған Emirates әуекомпаниясы да бар. Одан түсетін жыл сайынғы табыс көлемі – 350 млн евро.

Винисиус Жуниор/realmadrid.com

Ал енді BMW автокомпаниясына келетін болсақ, бұл көлікті қызметтік бағытта тек «Реал» негізгі құрамындағы футболшылар мен бапкерлері ғана емес, әйелдер құрамасы мен баскеткол клубының ойыншылары да мінеді.

Килиан Мбаппе/realmadrid.com

2024/25 маусымда BMW футболшыларға 5 түрлі модель ұсынды: iX2, iX, i5, i7, XM.

Оның ішінде ең қымбатын таңдаған ойыншылар: Винисиус Жуниор және Лукас Васкес (BMW i7, құны — 186 650 еуро).

Ең арзанын таңдаған футболшылар: Антонио Рюдигер және Орельен Тчуамени (BMW iX2, құны – 58 550 еуро).

Орельен Тчуамени/realmadrid.com

Джуд Беллингем, Килиан Мбаппе, Родриго, Лука Модрич, Тибо Куртуа, Дани Карвахаль секілді футболшылардың таңдауы BMW XM моделіне ауды (179 900 еуро).

Басқа материалдар

Back to top button