Автонарық

Қарашадағы автонарық: Haval M6 үздік үштікке кірді

Күздің соңғы айында елдегі автосалондар екінші рет 20 мыңдық межені бағындырып, 20 984 автомобиль сатты. Бұл қазандағы көрсеткіштен аз, бірақ 2023 жылғы қарашадағы нәтижеден 10.7 % жоғары.

Қазақстан автомобиль одағы биыл 11 айда 179 628 жаңа машина иесін тапқанын хабарлады. Бұл былтырғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2.6 % жоғары көрсеткіш.

Өткен айдағыдай, қарашада да Chevrolet ең танымал марка атанды. Бренд 4 418 автомобиль саудалады. Ал Hyundai дилерлері — 3829, Kia 1617 жаңа көлік сатты. Үздік үштікке енген маркалар арсында Kia ғана былтырғыдан нашар нәтиже көрсетті. Үздік бестікке Chery (1515 дана) мен Haval (1451) енді.

2024 жылғы қарашадағы сауда нәтижесі бойынша үздік 10 марка

Орын Марка 2024 жылғы қарашадағы сауда нәтижесі
1 Chevrolet 4418
2 Hyundai 3829
3 Kia 1617
4 Chery 1515
5 Haval 1451
6 Toyota 1211
7 JAC 1056
8 Geely 978
9 Changan 966
10 Jetour 923

Ең көп өткен модельдер тізімінде Chevrolet Cobalt жеңімпаз атанды. Бюджеттік седан екінші ай қатарынан үздік нәтиже көрсетіп отыр. Бір айда 4159 Cobalt өтті (Chevrolet саудасының 94.1 %-ы). Бұл көрсеткіш қазандағыдан (5857 дана) едәуір төмен, бірақ екінші орындағы Hyundai Tucson-нан (1843) екі есе көп. Рейтингте Haval M6 (727) үшінші орынға жайғасты. Модель алғаш рет үздік үштікке еніп отыр. Ал бұған дейін үнемі жоғары орыннан көрініп жүрген Kia Sportage осы жолы 10-сатыға түсті.

11 айдың қорытындысы бойынша 37 998 автомобиль сатқан Hyundai Қазақстан автонарығында көш бастап келеді. Екінші және үшінші орында Chevrolet (26 463 дана) мен Kia (21 087) тұр. Топ-5 тізімге Chery (13 491) мен JAC (10 143) кірді.

2024 жылдың он бір айындағы үздік 10 марка

Орын Марка 2024 жылдың он бір айындағы сауда нәтижесі
1 Hyundai 37 998
2 Chevrolet 26 463
3 Kia 21 087
4 Chery 13 491
5 JAC 10 143
6 Toyota 9790
7 Haval 9672
8 Jetour 8360
9 Changan 7700
10 Geely 7237

kolesa.kz

Басқа материалдар

Back to top button